Полицейлер Көктөбе маңына өрт қойған адамды тапты

954

Алматы полициясы Көктөбе маңына өрт қойған адамды тапты, деп хабарлайды Inbusiness.kz қалалық ІІД сілтеме жасап. 

Полицейлер Көктөбе маңына өрт қойған адамды тапты

Ұсталған 1968 жылы туған ер адам өрт қойғанын мойындаған. Ол ішімдік ішіп, консервілерді жылытқысы келгенін, бірақ өрт бұталарға тараған кезде қорқып, өрт шыққан жерден кетіп қалғанын айтқан. Оқиғаның мән-жайы тексерілуде.

Айта кетейік, кеше 19.00 шамасында Көктөбедегі Жәнібеков көшесі, 78 мекенжайы маңында өрт шығып, 20.35-те толық сөндірілген. Оқиға орнында 19 өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамның 130 адамы жұмылдырылған. Жалын 3 гектар шамасындағы аумақты қамтыған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бүгін әлеуметтік желіде тараған видеода белгісіз адамның аталған маңда қасақана өрт қойғаны байқалады. Артынша полиция күдіктіні іздеп жатқаны туралы хабарлады.

Кеше таңғы сағат 11-де Көктөбемен қатарлас Кеңсай тауын да өрт шалып, сөндірілген еді. 

Құралай Құдайберген

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу