Көшеде есінен танып қалған әйелді полицейлер аман алып қалды

122

Полиция қызметкерлері алғашқы көмек көрсеткен.

Көшеде есінен танып қалған әйелді полицейлер аман алып қалды Фото: видеодан алынған кадр

19 желтоқсанда Орал қаласында Абай полиция бөлімінің қызметкерлері Рүстем Мұхамбетьяров және Санжар Әбдірахманов облыс орталығындағы мектептердің бірінде құқықтық сауаттылық сабақтарын өткізу кезінде терезеден бір әйел адамның көшеде құлағанын байқап қалған. Полицейлер оған дереу көмек көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қалалық полиция басқармасына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары ауа-райының суық болуына байланысты, оны ақырын көтеріп, мектеп ғимаратының ішіне алып келеді. Онда қызметкерлер алғашқы көмек көрсете бастайды. Біраз уақыттан кейін әйел адам есін жинап, өзіне келді. Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырды.

"Мән-жайларды анықтау барысында әйелдің эпилепсиямен ауыратындығы анықталды. Жедел жәрдем келгеннен кейін полицейлер зардап шеккен адамды дәрігерлерге тапсырды",  делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу