Гарнизонның жеке құрамының резеңке етік, қорғану құралдарымен жабдықталуы, халыққа, құтқарушыларға қоғамдық тәртіпті сақтау және жолдарды жабу бойынша жәрдем көрсету бойынша дайындығы тексерілді.
Сондай-ақ су қоймаларының жағасында орналасқан елді мекендер мен саяжай маңын су басқан жағдайда ұрлық пен тонауға жол бермеу бойынша нұсқаулық өткізілді.
Жұма күні Ақтөбенің көшелерін су басып, жаяу жүргіншілер мен көліктегілердің қозғалысына қиындық келген болатын. Жаңбыр соңы қарға ұласып, арнайы техниканың өзі қала көшелерінен су сорып үлгермеді. Жауған қар тез еріп кетті.
Ақтөбе облыстық әкімдігінің ақпаратынша, қала көшелерінен соңғы тәулікте 11 мың текше метрге жуық еріген қар суы сорылған. Жқұмыс тәулік бойы жалғасып жатыр. Қыс басталғалы полигонға 205 мың текше метр қар шығарылды.
Зада Зейін