Қазақстан полициясы күніне орай Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің обелискіне гүл шоқтарын қойды.
Іс-шараға ішкі істер органдарының ардагерлері мен жеке құрамы қатысты. Жиналғандар қаза тапқан тәртіп сақшыларын бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
Бейбіт күнде антына адал болып, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін қиып, қызметте қаза тапқан әріптестері, полицейлердің жүрегінде мәңгі қалады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу