Полицейлер моторлы қайықпен патруль жүргізетін болады

1023

Полицейлер моторлы қайықпен патруль жүргізетін болады

Ертіс өзенінде полицейлер моторлы қайықпен патруль жүргізетін болады. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Осылайша, ішкі істер департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіровтің бастамасымен өзен аумағында және су жағасында заңсыз балық аулау, демалып жатқан азаматтар арасында құқық бұзушылықты ескерту мәселелерінің шешімі табылды, - деді баспасөз қызметінде. – Жазғы кезеңде жағалауларға халық көп жиналады. Көбіне азаматтар демалыста ішімдік ішіп, қоғамдық тәртіпті бұзады".

Облыстық ішкі істер департаменті ТЖД бірлесіп, ұқсас фактілерді анықтау және жолын кесу кезінде әрекет ету алгоритмін әзірледі. Сондай-ақ бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізу туралы келісімге келді.

Алғаш рет суға жіберілген полиция шағын кемесі GPS-навигатормен, белгі беретін дауыс зорайтқыш құралымен, жарық түсіру және айырғыш белгілермен жабдықталған. "Windboal-47" моторлы қайығымен бес қызметкер бір мезетте кезекшілік атқара алады. Бүгінгі күні үш полиция қызметкері қайықты жүргізу бойынша курстан өтті.

Айта кетейік, Павлодар облысы әкімімен 2018 жыл – "экология жылы" деп жарияланған болатын. Енді жазғы және күзгі кезеңде тәртіп сақшылары ТЖД бірлесе отырып, Ертіс жиегінде рейд жүргізеді. Қазіргі уақытта іс-шара "Нерест-2018" республикалық акция аясында өткізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу