Полицейлер науқас баланы шұғыл түрде ауруханаға жеткізуге көмектесті

130

15 наурызда Степногорск қаласында патрульдік полиция Бейбітшілік көшесінде бағдаршамның тыйым салынған белгісіне Exeed 818 автокөлігі өтіп кеткенін байқайды.  

Полицейлер науқас баланы шұғыл түрде ауруханаға жеткізуге көмектесті Фото: polisia.kz

Жүргізуші әйел полицейлерге екі жастағы баласының есінен танып қалғанын, оны ауруханаға жылдам жеткізу үшін асығып бара жатқанын түсіндіреді. Тәртіп сақшылары Арман Билялов пен Ислям Ислямов автокөлікті Степногорск қаласы ауруханасының қабылдау бөлмесіне дейін алып жүріп өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Кәсібилік пен жеделдікті көрсете отырып, полицейлер баланы ауруханаға қауіпсіз және кедергісіз жеткізді. Науқасқа дереу медициналық көмек көрсетілді. 

"Мұндай сәттерде сабыр сақтау өте қиын. Адам денсаулығы, соның ішінде кішкентай бала туралы сөз болғанда уақытында жетуді ойлайсың",– деп бөлісті тәртіп сақшылары.

Бірнеше күннен кейін баланың анасы Виктория Вашанова бейне хабарлама арқылы полиция қызметкерлерінің қолдауы мен уақтылы көмегі үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу