Полицейлер "olx.kz" арқылы алаяқтық жасаған азаматшаны қолға түсірді

1004

"Olx.kz" сайты арқылы онлайн сауда жасаймын деп опық жеген Тараз қаласының 42 жастағы тұрғыны полицияға шағымданған.  

Полицейлер "olx.kz" арқылы алаяқтық жасаған азаматшаны қолға түсірді

Интернет алаяққа алданып қалғанын айтып арызданған шағымданушы осы сайттан көлік іздеп отырып, ескі "Мерседес" маркалы автокөлікті таңдап, иесіне хабарласқанын айтады.

Сатушы бірден 400 мың теңгені есепшотына аударып беруді сұраған. Онлайн байланыстың, әсіресе, онлайн сауданың ұңғыл-шұңғылын онша біле бермейтін тараздық тұрғын сұрағанын қолма-қол аударып жіберген.

Одан кейінгісі белгілі. Не көлік жоқ, не ақша жоқ. Алданғанын сол кезде бір-ақ түсінген "сатып алушының" полицияға барудан басқа амалы қалмаған.

Полицейлер  жедел іздестіру іс-шаралары барысында 25 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді. Күдікті азаматша алаяқтық жолмен оңай ақша тапқысы келгендігін айтып, өз кінәсін толық мойындап отыр.

Келтірілген шығын иесіне қайтарылды.

Қазір аталған дерекке қатысты Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 2-бөлігімен тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу