Полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарып қалды

155

Қарағандыда ер адам көпқабатты үйдің 9-қабаттынан секірмек болды. Абырой болғанда, полицейлер оны арашалап қалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарып қалды Фото: polisia.kz

Оқиға 5 маусымда болған. Суицид жасауға талпынған азаматтың 39 жаста екені анықталды.

Балконның сыртындағы арқанға ілініп тұрған ер адамды көрген куәгерлер бірден құтқару қызметіне хабарласқан. Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар оқиға орнына жылдам жетіпті.

Қарағанды қаласы Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесі бастығының орынбасары Әділет Әмірбеков ер адамды әңгімеге тартып, оны райынан қайтаруға тырысқан.

"Құтқарушылар есікті ашуға әрекеттеніп жатқанда, мен балкон сыртында тұрған ер адаммен сөйлесуге тырыстым. Уақыт санаулы еді. Әріптестерім төменгі қабатта сақтық шараларын бақылап тұрды. Ақыры бір сәтте оны ішке қарай тартып үлгердік", — дейді ол.

Полицейлердің кәсіби шеберлігі осылайша қайғылы жағдайдың алдын алды. Қазір құтқарылған азамат медициналық бақылауда. Дәрігерлер мен психологтар оның мұндай әрекетке не үшін барғанын анықтап, тиісті көмек көрсетуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу