Есірткіні Шу станциясындағы вокзал перронында қызметтік ит тапқан. Алматы облысы тұрғынының сөмкесінен жалпы салмағы 12 келі 480 грамм "марихуана" табылып, тәркіленді.
"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі, яғни есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - деді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев.
Күдіктінің Шу ауданында жабайы қарасора жинап, оны Алматы қаласына теміржол көлігімен тасымалдауды жоспарлағаны анықталды.
"Ол полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Б. Малыбаев.