Полицейлер талмасы ұстаған жолаушыға алғашқы көмек көрсетіп, өмірін сақтап қалды

103

Жолда полиция экипажын байқаған такси жүргізушісі дереу көмек сұраған.  

Полицейлер талмасы ұстаған жолаушыға алғашқы көмек көрсетіп, өмірін сақтап қалды Фото: Голос народа

Риддер-Өскемен тасжолында тәртіп сақшылары денесі құрысып, есінен танып қалған такси жолаушысын құтқарды, деп жазады inbusiness.kz.

"Мен полиция қызметкерлерінен көмек сұрадым. Инспектор бірден көліктен түсіп, науқасты қарап шықты да, артынан ілесуімізді сұрады. Жол бойында жедел жәрдем шақырып та үлгерді", – деп бөлісті Наурыз әлеуметтік желіде.

Жедел жәрдем көлігі оларды Белоусовкаға бұрылатын жерден күтіп алды. Уақытты құр жоғалтпау үшін полиция қызметкерлері науқас отырған көлікті ауруханаға дейін жеткізіп, медицина қызметкерлеріне тапсырды.

Полицейлердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында жолаушы уақытылы ауруханаға жеткізіліп, аман қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу