Полицейлер жоқ пәтерлерді жалға берген алаяқты ұстады

534

Күдікті алдын ала төлем алғаннан кейін клиенттердің нөмірлерін бұғаттап тастаған.

Полицейлер жоқ пәтерлерді жалға берген алаяқты ұстады Фото: Polisia.kz

Ақмола облысы ПД криминалдық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес бөлімі жоқ пәтерлерді жалға беріп келген интернет-алаяқты ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұрын алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 22 жастағы ер адам Instagram әлеуметтік желісінде және Krisha.kz сайтында пәтерді жалға беру туралы жалған хабарландырулар орналастырған. Күдікті алдын ала төлем алғаннан кейін клиенттердің нөмірлерін бұғаттап тастаған.

"Жалпы алғанда ол мұндай алаяқтықтың 8 фактісін жасады деген күдікке ілініп отыр. Оның алтауы Ақмола облысының аумағында жасалған", – дейді Ақмола облысы ПД киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы Ермек Манатов.

Күдіктіге қарсы ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті азаматтарды интернет желісі арқылы мәмілелер жасау кезінде қырағылық танытуға, алаяқтардың айла-амалдарына берілмеуге және бейтаныс адамдардың нұсқауы бойынша өздерінің жинақтарын аудармауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу