Полицейлер жолда адасқандарды құтқарды

1009

Жолаушылар аудандық ауруханаға жеткізіліп, денсаулықтары тексерілді, үсік шалу фактілері анықталмады.  

Полицейлер жолда адасқандарды құтқарды

Шығыс-Қазақстан облысының полицейлері жолда адасып қалған адамдарды құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылдың 12 қаңтарында Катонқарағай ауданы Үлкен-Нарын ауылы маңында “Өскемен-Рахман қайнары” тас жолының 224 километрі бойындағы ауыл аралық егістік жолында “ВАЗ-2114″ маркалы автокөлігін тізгіндеген 32 жастағы жүргізушісі  және оның 47 жастағы жолаушысы туысқандарына телефон шалып, көліктің қарда батып, адасып қалғандарын хабарлаған.

Орындарын нақты айта алмай, жоғалаған жердің атауын ғана атаған жолаушылар Катонқарағай АПБ ЖПҚ УПИ Радмир Бутабаев, АПБ ӘПБ инспекторы Жеңіс Қонақаевжәне 27–өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінен құралған құтқарушылар тобының жедел іздестіру әрекеттері арқасында жолда қалып, қиналған жандар аталған аумақтан табылып, оларға дереу құтқару жұмыстары өткізілді. Құтқарылған жолаушылардың айтуынша, тоңып, үсіп қалмаудың алдын алу үшін олар автокөлік салонында қағаз өртеген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу