Полицейлер жұрттың мазасын алған әйелді пойыздан түсіріп тастады

270

Ол жолаушылардың тыныштығын бұзған.

Полицейлер жұрттың мазасын алған әйелді пойыздан түсіріп тастады Фото: Көліктегі полиция департаменті

Астана-Шымкент бағытындағы жолаушылар пойызы Шу станциясына келгеннен кейін желілік полиция бөлімінің қызметкерлері масаң жолаушыны акт бойынша пойыздан түсіріп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тексеру барысында көлік полицейлері Түркістан облысының 34 жастағы тұрғынын анықтады. Ол қоғамдық орында масаң күйінде болған және түнгі уақытта жолаушылардың тыныштығын бұзған", деді Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов.

Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі "алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу", 437-бабының 2-бөлігі "тыныштықты бұзу" бойынша бірден екі әкімшілік хаттама толтырылып, оған 15 АЕК (51 750 тг) мөлшерінде айыппұл салынды.

Полициядағылар аталған азаматшаның бұған дейін тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу