Полицейлерді атып өлтірген сақалды қазақтар іздестіріліп жатыр

805

Полицейлерді атып өлтірген сақалды қазақтар іздестіріліп жатыр

Астраханда полицейлерді атып өлтірген сақалды қазақтарға іздеу жарияланды, деп хабарлайды baq.kz. Оқиға 4 сәуірге қараған түні болған. Суық қаруланған 4 адам тексеру үшін тоқтатқан полицейлерді атып өлтіріп, оқиға орнынан ізін суытыпты. 27 жастағы негізгі күдіктінің ұлты қазақ, деп жазып жатыр ресейлік ақпарат құралдары.

Қаскөйлер "Газель" автокөлігімен қашып кеткен. Тергеу комитетінің мәлімдеуінше, құқық қорғаушылар қазір қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 6 адамды іздестіріп жатыр. Негізгі күдікті – 1990 жылы туған Нұрбол Саспанов. Ол – Астрахан облысы Степной ауылының тумасы. Оның сыбайластары – Әлібек Ғизатов (1990), Закир Тажиков (1992), Рамазан Кукулаев (1996), Қадырбай Маймашев (1979), Ильяс Магомедов (1990) және Ахмед Магомедов (1986).

Бүгін полицейлер күдіктілер мінген "Газель" микроавтобусын Три потока ауылының маңынан тапқан. Көліктің мемлекеттік нөмірі Дағыстанға тиесілі.

Әлеуметтік желілерде полицейлерге жасалған қарулы шабуылдың бейнекадрлары мен басты күдікті Нұрбол Саспановтың суреттері жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу