Полицейлерді пышақтаған тағы екі күдікті қолға түсті

684

Екі күн бұрын Алматыда тәртіп сақшыларына шабуыл жасалған болатын. Оның екеуі қылмыс болған жерде ұсталып, қалған екеуіне іздеу жарияланған еді.

Полицейлерді пышақтаған тағы екі күдікті қолға түсті

Алматыда полицейлерді пышақтаған тағы екі күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Atameken Business.

Қалалық ішкі істер департаментіндегілердің хабарлауынша, кеше түнде аталмыш іске қатысты 1993, 1994 жылы туған екі жігіт қамалған.

Еске сала кетсек, екі күн бұрын Алматыда тәртіп сақшыларына шабуыл жасалған болатын. Оның екеуі қылмыс болған жерде ұсталып, қалған екеуіне іздеу жарияланған еді. Ал жарақаттанған екі полицейдің бірі үйіне жіберіліп, екіншісі  ауруханаға түскен. 

"Олардың әс әрекеттері қылмыстық кодекстің  бірнеше бабы бойынша сараланды. Яғни ақша бопсалау, адам тонау, сосын құқық қорғау органдарының өміріне қауіп төндіру деректері бойынша қылмыстық істер қозғалып, ұсталған екі азамат қамауға алынды. Түсініктерін берген кезде өз кінәларын мойындады",– дейді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу