Полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестация күтіп тұр

652

 Полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестация күтіп тұр

Полицейлердің штаты 10 пайызға қысқарады. Одан үнемделген 16 миллиард теңге тәртіп сақшыларының жалақысы мен әлеуметтік қамту жүйесін жақсартуға жұмсалмақ. Бұл туралы елбасы Ақордада өткен ішкі істер органдарының қызметін жаңғырту мәселелеріне арналған кеңесте айтты.

Жиын барысында мемлекет басшысы полицейлерді кезектен тыс аттестация күтіп тұрғанын жеткізді. Салада заманауи стандарттарға сай келетін қызметкерлер ғана қалатынын ескертті. Бұдан бөлек, ведомствоға тиесілі 12 оқу орнының үздік бесеуі ғана қалатыны белгілі болды. Оған жоғары жалақы төленетін мейлінше білікті оқытушылар іріктеліп алынбақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу