Полицейлердің жалақысы көтерілгенімен, ол инфляция әсерінен сезілмей отыр

693

Тәуелсіздік жылдарында қызметтік міндеттерін атқару кезінде 845 қызметкер қаза тауып, 4593-і жарақат алды.

Полицейлердің жалақысы көтерілгенімен, ол инфляция әсерінен сезілмей отыр Фото: inbusiness.kz

Бұл мәселе "Ашық" НҚА порталында жарияланған Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасында көтерілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Полиция қызметкерлерінің күнделікті қызметі өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін жағдайлармен байланысты. Тәуелсіздік жылдарында қызметтік міндеттерін атқару кезінде 845 қызметкер қаза тауып, 4593-і жарақат алды. 5 жыл ішінде оларға 1 887 зорлық-зомбылық, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау және азаматтар тарапынан агрессия көріністері тіркелді. Сондықтан ІІО қызметкерлерінің институционалдық және кәсіби мәртебесінің тиісті деңгейде болуы, оның ішінде полиция қызметкерлерінің әлеуметтік-құқықтық қорғалу мәселесі өте маңызды", - деп жазылған құжатта.

Құжатта көрсетілгендей, қызметкерлердің жалақысы өскенімен, ол инфляция әсерінен сезілмей отыр.

"Осының салдарынан ІІМ-нің білікті кадрларды тарту үшін еңбек нарығында бәсекеге түсуге мүмкіндігі жоқ. Елдегі кадр тапшылығы шамамен 9% құраса, кейбір өңірлерде одан да жоғары. Сонымен қатар соңғы жылдары қызметтің бірінші жылында жұмыстан босатылған жас мамандардың саны артқан", - делінген 4 жылдық даму жоспарында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу