Полицейлерге шабуыл жасағандарға сот үкімі шықты

574

Олар 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Полицейлерге шабуыл жасағандарға сот үкімі шықты Фото: google.com

Биылғы жылдың 7 мамырында Жамбыл облысы Шу қаласындағы вокзал алаңында полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған қылмыскерлерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Полицияның мәліметінше, сегіз тәртіп бұзушы 3 жылдан 8 жыл 2 айға дейін бас бостандығынан айырылды.

ПД хабарлауынша, 7 мамыр күні сағат 01.30 шамасында полиция қызметкерлері Шу қаласындағы вокзал алаңында мемлекеттік нөмірі жоқ ВАЗ 2114 автокөлігін тоқтатқан. Көлік жүргізушісі мен жолаушысы оларға қарсылық көрсетіп, шабуыл жасаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу