Полиция "Нұрлы жол" вокзалында болған оқиға туралы ресми ақпарат берді

877

BMW көлігі эсколаторға соқтығысқан.

Полиция "Нұрлы жол" вокзалында болған оқиға туралы ресми ақпарат берді

Астана ІІД баспасөз қызметі 12 тамызда "Нұрлы жол" вокзалында болған оқиға туралы түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомства берген ақпаратқа сүйенсек, 12 тамыз сағат 19:40 шамасында BMW көлігінің жүргізушісі "Нұрлы жол" теміржол вокзалының көлік тұрағына бет алған, алайда рөлге ие бола алмай, тұрақтың шыны қабырғасы мен эсколаторға барып соқтығысқан.

"Нұрлы жол" теміржол вокзалының тұрағында болған жол-көлік оқиғасына байланысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ. Автокөлік коммуналдық айып тұрағына орналастырылды", - дейді ІІД-нен.

12 тамызда әлеуметтік желілерде оқиға куәгерлері түсірген суреттер мен видеолар жарияланған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу