Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зулхаиров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сөзінше, Ішкі істер органдары құзыретті шегінде табиғатты қорғау саласындағы уәкілетті органдарға көмек көрсетеді.
"Жыл басынан полиция 13 мыңнан аса экологиялық құқықбұзушылық деректерін анықтады. Оның ішінде 300-ден астамы қылмыстық құқықбұзушылықтар. Жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде орман шаруашылығы инспекцияларына заңсыз ағаш кесудің жолын кесуге, ағаш материалдарын ұрлауға жәрдемдеседі", – деді Ренат Зулхаиров Мәжілісте өткен жиында.
Айта кету керек, осыған дейін депутат экологиялық мәселелердің шешілмей жатқанына алаңдаушылық білдіргенін жазған болатынбыз.