Полиция 199 індет ошағы мен 366 карантин нысанын күзетеді

691

Карантин шараларын сақтау үшін құқық қорғау органына қосымша тағы үш міндет жүктелген.

Полиция 199 індет ошағы мен 366 карантин нысанын күзетеді

Ішкі істер министірінің орынбасары Алексей Калайчиди 5 шілдеден бастап құқық қорғау органы негізгі қызметімен қатар, карантин шараларын сақтау жөнінде үш міндетті қатар атқарып жатқанын атап айтты.

"Біріншіден, дәрі-дәрмектерді заңсыз сатуды тоқтатамыз. Екіншіден, карантин шаралары мен санитарлық дәрігердің талаптарын бұзғандармен жұмыс істейміз. Үшінші, коронавируспен ауырған адамдармен байланыста болғандарды табамыз. Жалпы, 199 індет ошағы мен 366 карантин нысанын күзетеміз. Айта кетсем, дәрі-дәрмек сатудың 537 фактісі тіркеліп, 58 қылмыстық іс қозғалды. Ал басқа фактілер бойынша әкімшілік-өндірістік шаралар тағайындалды. Заңсыз айналымнан 70 мыңнан астам дәрі-дәрмек алынды. Жарты миллион медициналық маска мен 36 мыңнан астам әртүрлі медициналық бұйымдар тәркіленді. Барлық материалды бір тәулік ішінде экономикалық тергеу қызметіне немесе денсаулық сақтау органдарына тапсырамыз", – деді Алексей Калайчиди.

Ішкі істер министірі орынбасарының айтуынша, Алматы мен Шымкент қаласында және елордада осындай заң бұзушылықтар жиі тіркеледі. 

Нұржан Көшкін
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу