Полиция ақбөкенді қорлаған адамдарды анықтады

956

Полиция ақбөкенді қорлаған адамдарды анықтады

Қорғалжын мемлекеттік қорығында ақбөкенді көлікпен қуып, видеоға түсіргендерге қатысты әзірге толық ақпарат болмаса да, олардың кейбірінің кім екені анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  
"Ақбөкен жайлы видеодағы адамдардың кейбірі анықталды, олар Астана тұрғындары болып шықты, қазір жауап алынып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес әзірге қалған ақпаратты бере алмаймыз, іс бақылауға алынған", -  деп хабарлады Амола облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәр Пинчук.
Ол даулы істің барлық мүшесі анықтала салысымен бұл туралы міндетті түрде ақпарат берілетінін атап өтті.
Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік желіде белгісіз біреулердің ақбөкенді көлікпен қуып, кейін әбден қалжыраған жануарды мазақ қылған видеосы таралған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу