Шымкент қаласының тұрғыны бұдан кейін екінші алаяқтың арбауына түседі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Арада біраз уақыт өткен соң екіншісі қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырған. Ол бұған дейін хабарласқандардың алаяқ екенін айтып, есепшоттағы ақшаны "қауіпсіз сақтау" үшін қаражатты басқа есепшотқа аудару қажет екеніне сендірген.
Азамат банкомат арқылы ақшасын шешіп алып, көрсетілген есепшотқа 1,7 млн теңге аударған. Кейін алаяқтардың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінген.
Полицейлер жедел әрекет етіп, ақша аударылған есепшоттарды анықтап, транзакцияларды уақытылы бұғаттады. Нәтижесінде қаражат толықтай жәбірленушіге қайтарылды.
Полиция ескертеді:
- Белгісіз нөмірлерден түскен қоңырауларға сенбеңіздер;
- SMS-кодтарды ешкімге айтпаңыздар;
- жеке деректер мен банк картасының мәліметтерін бөгде адамдарға бермеңіздер.