Полиция, әсіресе, өңірлерде халықпен ашық диалог жүргізуі керек – Президент

747

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында жазды.  

Полиция, әсіресе, өңірлерде халықпен ашық диалог жүргізуі керек – Президент

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының алдында тұрған міндеттерді айқындап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде сөз сөйледім. Қазіргідей күрделі кезеңде полиция мен күштік құрылымдардың жауапкершілігі едәуір артады. Учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмысына ерекше мән беріледі. Оларға мемлекет жан-жақты көмек көрсетеді. ІІМ-нің алдында тұрған басты міндет – азаматтармен өзара қарым-қатынасты қызмет көрсету моделіне көтеру ("полиция қадамдық қолжетімжділікте" қағидатын құру), құрылымдық реформалар, тиімді кадрлық саясат, цифрлық технологияларды енгізу", – деп атап өтті Президент өзінің Twitter парақшасында.

Мемлекет басшысының айтуынша, полиция, әсіресе, өңірлерде халықпен ашық диалог жүргізуі керек.

"Азаматтардың құқық қорғау органдарына сенімін арттыру – жүргізіліп жатқан реформаның басты міндеті. ІІМ азаматтардың қауіпсіздігін, елдегі заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін негізгі орган болған және солай қалады", – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу