Полиция автокөлігін қасақана соққан күдікті ұсталды

741

Дене жарақатын алған үш тәртіп сақшысы ауруханаға жеткізілді.

Полиция автокөлігін қасақана соққан күдікті ұсталды

Астаналық полицейлер мас күйінде көлік айдап кеткен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"24 наурыз күні сағат 22.00 шамасында жедел басқару орталығынан Infiniti FX35 маркалы көліктің жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзған, ол мас болу мүмкін деген хабарлама келіп түсті. Автокөлікті тоқтату кезінде жүргізуші полицейлердің заңды талаптарын орындамай, жылдамдықты асыра пайдаланып, жол қозғалысы және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген",– деп жазылған Астана қаласы полиция департаментінің Фейсбук парақшасында.

Одан әрі мәлім етілгендей, тәртіп сақшылары күдіктіні Қорғалжын тас жолы мен Аягөз көшесінің қиылысында ұстады. Сондай-ақ, күдікті полиция автокөлігін соққан, оның салдарынан дене жарақатын алған үш тәртіп сақшысы ауруханаға жеткізілді.

"Infiniti FX35 автокөлігінің жүргізушісі дәрігерлердің тексерісінен кейін (кеуде қуысының соғылуы анықталды) Сарыарқа ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Тексеріс қорытындысы көрсеткендей жергілікті тұрғынға тиесілі ТҚС аумағынан автокөлікті айдап әкеткен күдікті техникалық қызмет көрсету станциясының 35 жасар қызметкері болып шықты. Сол сияқты, медициналық куәландыру актісіне сәйкес, жүргізуші мас күйінде болған", – деп хабарлайды елордалық полиция департаменті.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 200-бабы (айдап кету) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу