Полиция балконнан ән айтпай, тыныштық сақтауды сұрайды

1152

Тәртіп бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Полиция балконнан ән айтпай, тыныштық сақтауды сұрайды

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшысы Ержан Саденовтың айтуынша, балконнан ән айту да тыныштық бұзуға жатады. Бұл туралы ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтты.

"Кешкі және түнгі уақытта тыныштықты бұзу фактілері көбейді. Карантин кезінде үйде отыру қиын екенін түсінеміз. Дегенмен сағат 23.00-ден кейін тыныштық сақтауыңызды сұраймын. Мұның терезеден және балконнан ән айтуға да қатысы бар. Тыныштықты бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертемін", – деді Саденов.

Полиция өкілі халықты үйде болуға, заңға бағынуға және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мемлекеттік комиссия астанадағы ТЖ режимін 30 сәуірге дейін созу туралы шешім қабылдаған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу