Полиция күдіктілердің ұсталғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.
"Екі факті бойынша да ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Анықталғандай, екі оқиға да Ақтау қаласында әртүрлі уақытта болған. Полицейлер қазіргі таңда жәбірленушілер мен үш күдіктіні анықтап, 16 және 21 жастағы күдіктілерді ұстады. Тағы бір күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – деп жазылған хабарламада.
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оқиғалардың толық мән-жайы анықталуда. Қылмыс жасаған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған.