"Полиция бөлімшесіне бомба қойдым": Алматыда жалған хабарлама таратып, елді дүрліктірген ер адам ұсталды

438

Оқиға орнына қаланың шұғыл қызметтері жетіп, ғимарат пен оған іргелес аумақты мұқият тексерді.  

"Полиция бөлімшесіне бомба қойдым": Алматыда жалған хабарлама таратып, елді дүрліктірген ер адам ұсталды Фото: polisia.kz

Полицияға Алматы қаласындағы аудандық полиция басқармаларының бірінің ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен. Тексеру нәтижесінде жарылғыш құрылғылар, оқ-дәрілер және жедел қызығушылық тудыратын өзге де заттар анықталған жоқ, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармаcының қызметкерлері хабарлама жасаған адамды анықтады. Ол 56 жастағы ер адам болып шықты.

Ер адам іс жүзінде ешқандай жарылғыш зат қоймағанын және жалған хабарламаны қасақана жасағанын мойындады.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция мұндай жалған хабарламалар арнайы қызметтердің уақытын алып қана қоймай, азаматтардың қауіпсіздігіне алаңдаушылық туғызып, заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу