Полиция елордада үй салған "Expolis Invest VM" компаниясын тексеріп жатыр

879

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті елордадағы "Royal EXPO apartments" тұрғын үй кешенін салған "Expolis Invest VM" компаниясының басшыларының ісін тексеріп жатыр. Полицияның мәліметіне сәйкес, компания басшылығы құрылыс кезінде алаяқтық жасаған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Полиция елордада үй салған "Expolis Invest VM" компаниясын тексеріп жатыр

"Бүгінге дейін полицияға 280 адам арызбен жүгінген. Сотқа дейінгі тергеу барысында "Expolis Invest VM" компаниясының басшыларының кесірінен 300-ге тарта адамның зардап шеккені анықталып отыр", – деп хабарлайды департаменттен.

Департаменттің мамандары істі жан-жақты зерттеу үшін құрылыс жүргізушілерден зардап шеккен үлескерлерге хабарласуды, атап айтқанда 71-62-85, 8-775-968-77-34 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.

"Мұндай жағдайға жол бермес үшін үлескер ретінде құрылысқа ақша салғыңыз келсе, мына жағдайларға мән беруіңізді сұраймыз: жобалаушы мен құрылыс жүргізетін компанияның заңды мекенжайы, компанияның мемлекеттік тіркеуде тұрғанын растайтын құжаттың, құрылтайшы мекемелер жайлы мәліметтің барына назар аударыңыз. Құзыретті органдардан лицензицяларының барына да көз жеткізу керек. Компанияның құрылыс жүргізетін жерге рұқсаты барын да сұрау керек. Сонымен қатар құрылыс жүргізушінің жауапты мердігер екенін де растап алу керек", – деп ескертеді департаменттен.

Айта кетсек, қала әкімдігі полиция департаментімен бірге мониторинг жүргізіп, құрылыс компаниясының 46-сын жауапсыз деп таныған еді.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу