Полиция формасын киіп, суши жарнамалаған: Алматы тұрғыны айыппұл арқалады

456

Ол видеоны әлеуметтік желі арқылы таратқан. 

Полиция формасын киіп, суши жарнамалаған: Алматы тұрғыны айыппұл арқалады Фото: Polisia.kz

Алматы тұрғынына полиция формасын киіп, суши жарнамалағаны үшін айыппұл салынды.

Алматыда “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы аясында полиция формасын пайдаланып, суши жарнамасын түсірген жас жігітке қатысты әкімшілік шара қолданылды.

– Мен – жаңадан бастап жатқан блогермін, бұл жарнаманы қызық болсын деп түсірдім және тараттым. Бұл заң бұзушылық екенін білмедім. Болашақта мұндай жағдай қайталанбайды, – деді Б.есімді азамат.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен Б.есімді азамат ҚР ӘҚБтК-нің 675-бабында көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және полиция формасын заңсыз пайдаланғаны үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды, арнайы киім тәркіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу