"А.ж. 23 мамырында Антикоррупциялық қызмет 10.07.1963 ж.т., полиция генерал-майоры Халықұлы Жайлаубекті ұстады, 2009-2016 жылдары Алматы және Ақмола облыстарының Ішкі істер департаменттерін басқарған. Ол соңғы қылмыстық істі тоқтатқаны үшін "К" азаматынан алдау арқылы ақша мен мүлкін алды деп күдіктенеді", – деп жазылған хабарламада.
Күдікті сол күні ұсталып, Алматы қаласы ПД УҰИ-ға қамауға алынған.
"Тергеу мүддесінде және ҚР ҚПК 201-бабының тәртібінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды. Күдіктіге қатысты кінәлілік дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот қабылдайды", – делінген хабарламада.