"Осы факті бойынша оның іс-әрекеті сырттай сараланып, тергеу соты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасымен санкциялады. Қазіргі уақытта Н.М. Мәсімовке іздеу жарияланды, іс бойынша оның орналасқан жерін анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары және істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізілуде", – деп жазылған "Антикор" хабарламасында.
Тиісті іс жүргізу шешімі тергеу нәтижелері бойынша қабылданатын болады. Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілген жоқ.