Полиция хабар-ошарсыз кеткен Қостанай облысы тұрғынының денесін тапты

442

58 жастағы әйел 30 маусымда үйінен шығып кеткен.

Полиция хабар-ошарсыз кеткен Қостанай облысы тұрғынының денесін тапты Фото: Ашық дереккөзден

Полиция хабар-ошарсыз кеткен Қостанай облысы тұрғынының денесін тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

58 жастағы әйел 30 маусымда үйінен шығып кеткен. Оның жоғалып кеткені туралы арызды полицияға ағасы жолдаған. Полиция қызметкерлері, Қостанай облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық қауіпсіздік қызметінің шекара қызметі және еріктілермен бірлесіп, дереу іздеуге кірісті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аса ауыр қылмыс жасағанын мойындаған күдікті ұсталды. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде ол жоғалған әйелдің мәйітінің жерленген жерін көрсетті.

ҚР ҚК-нің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу