Алмалы аудандық Полиция басқармасы полиция бөлімінің мәліметінше, қазіргі уақытта аталған бөлімшенің тергеу бөлімі ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігімен қозғалған қылмыстық істің материалдарын өңдеуде. Істің мән-жайын анықтауға және кінәлілерді одан әрі жауапкершілікке тартуға бағытталған қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары кешені жүргізілуде деп жазады inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Инстаграм әлеуметтік желісі арқылы арызын жолдаған тұлғаның сөзіне сүйенсек, туристік компания 50 адамды алдаған. Компания Түркия, Мальдив аралдары, Мысыр, Черногорияға жалған жолдама сатқан. Арызданушы компания өкілі деп Садырова Әсел деген есімді атады.