Полиция із-түссіз жоғалған оқытушыны Алматыға бет алған пойыздан тапты

212

Полицейлерге хабарламаны оның әріптестері таратқан. 

Полиция із-түссіз жоғалған оқытушыны Алматыға бет алған пойыздан тапты Фото: polisia.kz

Ақмола полицейлері жоғалған 21 жастағы Көкшетау тұрғынын Алматы қаласына бара жатқан пойыздан тапқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полицейлер хабар-ошарсыз кеткенді іздеуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының қажетті кешенін өткізді.

"22 сәуірде облыстың аудандық полиция бөлімдерінің біріне мектепте оқытушылық практикадан өткен ақмолалықтың хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарламамен жас мұғалімнің әріптесі жүгінді", - делінген хабарламада. 

Қабылданған шаралардың нәтижесінде қыздың орналасқан жері оңтүстік астанаға баратын жолаушылар пойызында анықталды.

"Қыз болашақ жұбайының ата-анасының үйіне құдаларды жіберуге ниеті туралы хабар жеткізбек болған. Алайда, ата-анасына апаратын жолға асығып бара жатып, ол пойызда болған кезде әріптестеріне хабар беруге тырысқан, бірақ ол ұялы желідегі ақауларға байланысты ешкіммен байланыса алмаған", - деп хабарлады Ақмола полицейлері.

Қызға қатысты ешқандай қылмыс пен құқық бұзушылық жасалмағаны анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу