"Полиция қалтасына бірдеңе салып жіберді": Көпшілік күдіктенген видеоға түсініктеме берілді

Әлеуметтік желілерде кең тараған бейнежазбада полицейдің ұсталған адамның қалтасына бір зат салып жатқаны таспаланған.  

"Полиция қалтасына бірдеңе салып жіберді": Көпшілік күдіктенген видеоға түсініктеме берілді Фото: Видеодан скриншот

Алматы қаласында болған оқиға ел тұрғындарының көп талқысына түскен еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған іс-әрекетті көрген пікір қалдырушылар ұсталған адамға алаңдаушылық танытып, "қалтасына бірдеңе салып жіберді" деп күдіктенген.

Оқиғаның 2025 жылдың 25 қыркүйегінде "Думан-2" шағын ауданында болғаны белгілі болып отыр.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға қатысты түсініктеме берді. Ресми мәліметке сәйкес, учаскелік полицейлер пәтерді тәуліктік жалдау ақысын төлемеу жөніндегі шағым бойынша барған.

Оқиға орнында екі адам ұсталып, жасөспірім ата-анасына тапсырылған. Оларға "баланы дұрыс тәрбиелемеу" бабы бойынша айыппұл да салынғаны айтылады. Ал ересек адам мас күйінде полицияға қарсылық көрсеткен. 

– Бейнежазбада қызметкердің ұсталған адамның қалтасынан шығып кеткен жеке затын иесіне қайтарып берген сәті түсірілген. Қалтасына ешқандай тыйым салынған зат салынған жоқ, – дейді ПД өкілдері.

Сондай-ақ, полиция әдейі жалған ақпарат таратқандарға жауапкершілік барын ескертіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу