Полиция қаңтар оқиғалары бойынша 4 623 қылмыстық істі тергеді

Олардың көбі – адам өлтіру, ұрлық, қару-жарақтың заңсыз айналымы, бұзақылыққа қатысты. 

Полиция қаңтар оқиғалары бойынша 4 623 қылмыстық істі тергеді Фото: aikyn.kz

Қаңтар оқиғасы бойынша Мәжілістегі арнайы отырыста Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов баяндама жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ол Ішкі істер органдары еліміздегі қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараны қабылдайтынын айтты.

"Жалпы полиция Қаңтар оқиғалары бойынша 4 623 қылмыстық істі тергеді. Олардың көбі – адам өлтіру (91), ұрлық (2504), қару-жарақтың заңсыз айналымы (440), бұзақылық (368), бөтен мүлікті қасақана бүлдіру қылмыстары (188), – деді министр өз сөзінде.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеңілдететін мән-жайлар ескеріліп, 255 адам босатылғанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу