Полиция қаңтардағы оқиға кезінде ұрланған қаруларды тапсыруға шақырды

1208

Қаңтар оқиғасы кезінде қаладағы қару-жарақ дүкендерінен 1 424 атыс қаруы ұрланған. 

Полиция қаңтардағы оқиға кезінде ұрланған қаруларды тапсыруға шақырды

Алматыда полиция қызметкерлері тұрғындарды сақ болуға, ұрланған қарулар өз еркімен тапсыруға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Арма-56" қару-жарақ дүкенінің директоры Александр Алексееноктің айтуынша, ұрлықшылар қару-жарақ дүкеніндегі темір торларды көлікпен жұлып, арнайы құралмен кескен.

"Олар арнайы қолғап киген. Тонаушыларда бәрі болған. Мұны кәсіби мамандар істеген... Қару-жарақ қоймада сақталған. Олардың қайда кеткені белгісіз. Іздеу керек. Болашақта ұрланған қарулар қолданылуы мүмкін. Ең қорқыныштысы да, ең қауіптісі де сол", – деді Александр Алексеенок.

Бүгінде полиция қару-жарақ дүкендерінен ұрланған қарларды іздестіріп, тәркілеп жатыр. 

Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Болатбек Баятанов қаңтар оқиғасы кезінде қылмыскерлер кейбір дүкендердегі қаруларды ұрлап кеткенін атап өтті.

"Бұл қарулар бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы қолданылуы мүмкін екенін ескертемін. Азаматтардан қаруларды өз еркімен тапсыруларын сұраймыз. Қаруды өз еркімен тапсырғандар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады", – деді Болатбек Баятанов.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу