Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Полиция департаментінің арнайы тобы әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында ішкі істер органдары қызметкерінің нысанды киімін заңсыз пайдалану фактісін анықтады. Сюжет бойынша полиция қызметкерінің киімін киген жас жігіт өтіп бара жатқан адамдарды өзімен бірге TikTok билеуге шақырады. Бұл факт бойынша Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі құқық бұзушының жеке басын анықтап, ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 675-бабымен (Әскери киім нысанын, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешекті заңсыз киіп жүру) әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп жазылған хабарламада.