Полиция қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шараларын күшейтті

118

Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі мәлім етті.

Полиция қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шараларын күшейтті Фото: Polisia.kz

Елімізде "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

12-14 қыркүйек аралығында елімізде "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Полиция заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шараларын күшейтті.

"Іс-шара барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстарды анықтау, халық көп шоғырланатын орындарды тексеру, заңнамалардың сақталуын бақылау жұмыстары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Басты мақсат азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқықтық тәртіпті нығайту. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу