Полиция көлік құралдарының криминалдық тарихын ғана тексереді

1246

Мәжілістегі үкімет сағатында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Полиция көлік құралдарының криминалдық тарихын ғана тексереді

"Көлік жүргізу куәлігін беру және емтихан қабылдау функциясы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына берілді. Тіркеу-емтихан орталықтары жойылды. Қазір полиция көлік құралдарының криминалдық тарихын ғана тексереді", – деді министр. 

Ерлан Тұрғымбаевтің айтуынша, жемқорлықты жою үшін азаматтармен тікелей байланыс азайды.

"Елімізде 30 тәулікке дейін болатын шетел азаматтарын тіркеу тоқтатылды. Электронды виза енгізілді. Көші-қон саласындағы кейбір функция Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне берілді. Қала сыртындағы "Рубеж" стационарлық бекеттерінің саны 36-дан 6-ға дейін қысқарды. Стационарлық бекеттер шекаралас аудандарда ғана қалды", – деді министр. 

Ерлан Тұрғымбаевтің сөзінше, соңғы 3 жылда саладағы сыбайлас жемқорлық қылмысының саны 43%-ға қысқарды. 

"Жемқорлыққа қарсы белсенді күрес барысында 146 басшы жазаға тартылды. Оның 42-сі қызметтен босатылды, 7-еуі жұмыстан шығарылды", – деді министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу