Бұл туралы Қостанай облысының полиция департаменті мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қостанай қаласында полицейлер көшеде жалаңаш жүгіріп жүрген ер адамды ұстады. Олар бұл эпизодтың кездейсоқ емес екенін айтады.
– Оның әрекеті қала тұрғындарының ренішін тудырып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзуға айналды. Полицейлер, әрине, мұндай "қойылымды" назардан тыс қалдырған жоқ. Сараптама ұсталған азаматтың тыныштандыратын дәрі қолданғанын көрсетті, – деп ақпарт таратты ведомство өкілдері.
Ыңғайсыз іс-әрекетке барған жігітке қатысты "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған әрі ол уақытша ұстау изоляторына қамалып отыр.
"Бұл оқиға әлеуметтік нормалар мен заңдарды елемеу үшін емес" деп қоса кетті ресми орган.