"Кадр тапшылығы мәселесін шешу - "Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету" тұжырымдамасының бір бағыты. Бұл ретте біз жұмысты өзімізден (министрлік – автор түсіндірмесі) бастадық. Полиция органдарына қатысты қабылданған іс-шаралардың арқасында 42%-ға кадр ауыспалылығы тоқтады. Полицияға келемін деген адамдар қатары 4 есе артты. Бұған Президенттің тікелей тапсырмасы әсер етті. Атап айтқанда, қызметкерлердің алатын айлығын өсіру және басқа да көтермелеу шаралары қабылданды", - деді ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу