Полиция қызметкері болуды қалайтындар саны көбейді

Жұмысқа қабылдау туралы өтініш үш есе артты.  

Полиция қызметкері болуды қалайтындар саны көбейді Фото: pavlodarnews

Алдағы уақытта полиция қызметкерлерінің жұмысын бағалау тәртібі біршама өзгермек. Бұл туралы Павлодар облысында жұмыс сапарымен болған Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Министрдің сөзінше, қазіргі уақытта полицияның жұмысын жетілдіру үшін бірқатар шара атқарылуда. Соған сәйкес, бұдан былай полицияның қызметіне халықтың сенім білдіруіне қарай бағаланатын болады. 

"Бұрынғы қағазбастылықтан арылуға жұмыс жасап жатырмыз. Оған цифрландыру көмектеседі. Полицияның халықпен тығыз байланысқа көшіреміз. Бұрын қылмыстық істердің қаншалықты ашылғаны, тергелу, анықталу пайызына қарай бағаланса, енді халықтың сеніміне қарай тиісті баға беріледі. Егер халық полицияға сенім артса, демек тәртіп сақшыларын бағалағаны деп білеміз", - деді Марат Ахметжанов. 

Кадр тапшылығы мәселесі де кезең-кезеңімен шешіліп жатқан көрінеді. Бүгінде жалақының аздығына байланысты қызметтен кететін полицейлердің қатары 37%-ға азайды. 

"Қазір бізге жұмысқа келем деп өтініш бергендер саны үш есе көбейді. Себебі ертеңгі күнге деген сенім бар. Ендігі ретте сол өтініш білдірушілердің қатаранынан кәсібилігіне, адамгершілігіне, біліміне қарап жұмысқа тартамыз. Халыққа сапалы қызмет жасаймын дегендерге жол ашық. Бірақ адам жетпейді екен деп кім көрінгенді алуға тағы болмайды. Саны аз болса да, сапасы жақсы болуы тиіс", - дей пайымдайды ведомство басшысы. 

Бұл ретте министр Павлодар облысындағы қылмыстардың дені Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында орын алатынын атап өтті. Құқық бұзушылықтың көбі интернет алаяқтық пен есірткі қылмыстары болып саналады. 



 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу