Полиция қызметкері өз өмірін қатерге тігіп, бір отбасын өрт құрсауынан құтқарып қалды

406

Полиция қызметкері шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда, денсаулығына қауіп жоқ, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.  

Полиция қызметкері өз өмірін қатерге тігіп, бір отбасын өрт құрсауынан құтқарып қалды Фото: Polisia.kz

Кеше таңғы уақытта Байғанин ауданы полиция бөлімінің аға инспекторы Әділ-ҚаҺар Кәдіров жұмысқа бара жатқан. Сол уақытта көршісінің үйінен қалың түтін шыққанын көреді. Жедел әрекет етіп, шырт ұйқыда жатқан үй иесін оятып, кәмелетке толмаған үш баланы сыртқа алып шығады. Ең кішкентай 5 жасар баланы алып келе жатып түтінге тұншығып есінен танып калған. Осы уақытта өрт сөндірушілер мен дәрігерлер келіп көмектескен.

Полиция қызметкері шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Қазір тәртіп сақшысының өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу