Полиция қызметкері самбодан халықаралық туринирде 1-орын алды

1067

Полиция қызметкері самбодан халықаралық туринирде 1-орын алды

Осакаровка ауданының бөлімшелік инпекторы, полицияның аға лейтенанты Бейімбет Қанжанов Франциядан жүлдемен оралды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкері "Гран-при Париж" халықаралық туринирінде самбодан 1-орынды жеңіп алды.
Самбо бойынша XVIII-ші Гран-при Париж 26-шы мамырда Шарлетти стадионында өтті. Жарысқа 17 елден: Франция, Испания, Германия, Израиль, Марокко, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және басқалардан 100-ден аса спортшы қатысты. 
Бейімбет Қанжанов 57 келі салмақта жеңімпаз атанды. Оның жаттықтырушылары: Қайдар Қанжанов және Дәурен Адамбаев.
Бейімбет Қанжанов 1991-ші жылдың 1-ші мамырында Қарағанды облысы Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген. Самбомен 10 жасынан бастап айналыса бастаған.
Халықаралық санаттағы спорт шебері. ҚР ұлттық құрамасының мүшесі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу