Полиция қызметкері жедел-іздестіру құжаттарын бұрмалаған

1205

Жергілікті криминалды полиция бөлімінің жедел уәкілі бұрын сотты болған Е-ні ақталмайтын негіз бойынша қысқартуға жататын екі ұрлық жасады дегенге көндірген. Осылайша қылмыстың ашылуының жалған тиімділігін көрсеткен. 

Полиция қызметкері жедел-іздестіру құжаттарын бұрмалаған

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық прокуратурасы полиция қызметкерінің ведомстволық көрсеткіштерді жақсарту үшін жедел-іздестіру құжаттарын бұрмалау дерегін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жергілікті криминалды полиция бөлімінің жедел уәкілі бұрын сотты болған Е-ні ақталмайтын негіз бойынша қысқартуға жататын екі ұрлық жасады дегенге көндірген. Осылайша қылмыстың ашылуының жалған тиімділігін көрсеткен. Жалған куәгердің көрсетуі бойынша полиция қызметкері осы айла-шарғыға қатысқаны үшін сыйақы беруді уәде еткен.

"Бұдан бұрын азамат Е. бөтен мүлікті ұрлағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылып, тараптардың татуласуымен іс қысқарған. Соттың үкімімен Қылмыстық кодекстің 416-бабы 3-бөлімімен жедел-іздестіру құжаттарын бұрмалағаны үшін бұрынғы полиция қызметкерінің бас бостандығы екі жылға шектелді. Үкім заңды күшіне енді", -- деп жазылған облыстық прокуратура таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, Қызылорда облыстық полиция департаментінің табиғатты қорғау полиция бөлімінің қызметкерлері қоршаған ортаға зиян келтірген жергілікті тұрғынға айыппұл салды. Ал танысының атынан несие алған қызылордалық жазаға тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу