Полиция қызметкерін балағаттаған екі жаңаөзендікке үкім шықты

1806

Жазаланғандардың бірі тіпті жұдырық жұмсаған.

Полиция қызметкерін балағаттаған екі жаңаөзендікке үкім шықты

Жаңаөзен қалалық сотында тәртіп сақшыларына дөрекілік танытқан екі тұрғынға қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның бірі Lexus ES-350 маркалы автокөлік жүргізушісіне қатысты. Айыпталушы жол-патрульдік қызметінің қызметкері тоқтатқан кезде масаң күйде болған. Құжатын көрсетуді сұраған кезде балағат сөздер айтып, тіпті жұдырық жұмсаған. Судья оны ҚР Қылмыстық кодексінің 378 бабына (Билік өкiлiн қорлау) сәйкес айыпты деп танып, 505 мың (200 АЕК) теңге көлемінде айыппұл кесті.

Екінші жазаланушы да көлігін тоқтату кезінде полиция қызметкерін балағаттаған. Терезесі күңгірттелген BMW-530 автокөлігіне тәртіп сақшылары тоқтауға белгі бергенімен, жүргізуші елемей, жылдамдықты басып отырып, өз бағытымен кеткен.

Ол да аталған бап бойынша кінәлі деп танылып, 25 АЕК, яғни 63 125 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу