Полиция қызметкерлері 7 маусымнан бастап күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді

967

Сайлау күнінде 21 мың тәртіп сақшысы қауіпсіздікті қадағалайды.

Полиция қызметкерлері 7 маусымнан бастап күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді

Еліміздегі полиция қызметкерлері 7 маусымнан бастап күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, мұндай шара Президенттік сайлау алдында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолға алынып отыр. Қазіргі таңда әр өңірде "Заң және тәртіп" деп аталатын операция өткізілуде.

Ведомство басшысының сөзінше, 9 маусым сайлау күніне 21 мың тәртіп сақшысы тартылған. Жеке құрам күшейтілген режимде 12 маусымға дейін жұмыс істейтін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу