Барлық жеке құрам күшейтілген қызмет режиміне көшірілді.
Бұл туралы ОКҚ алаңында өтіп жатқан "Референдум – 2026" онлайн-марафоны барысында ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оның айтуынша, басшылық және командалық құрам – тәулік бойы кезекшілік атқарады.
Мемлекеттік органдармен бірлесіп референдум учаскелері алдын ала тексерілді. Олардың техникалық қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және терроризмге қарсы қорғанысы қаралды. Барлық учаске тәулік бойы бақылауға алынды.
– Полиция қызметкерлері дауыс беру залдарында болмайды. Олар тек комиссия төрағасының шақыруымен және қоғамдық тәртіп бұзылған жағдайда ғана кіре алады. Қазіргі уақытта елдегі жағдай – тұрақты, толық бақылауда. Қоғамдық тәртіп бұзу фактілері тіркелген жоқ. Ішкі істер министрлігі – азаматтарды заңды сақтауға және қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырады, – деді Шыңғыс Әлекешев.